Бірқатар Еуропа елдері коронавирус шектеулеріне қарсы наразылық шарасын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бельгия полициясы Брюссельде наразылыққа шыққандарға көзден жас ағызатын газ қолданды, олар полицияға жауап ретінде тас пен түтін бомбаларын лақтырды. Қала билігі мақұлдаған акция Бельгия астанасының Солтүстік вокзалынан басталды. Жергілікті полицияның мәліметінше, Брюссель көшелеріне 35 мыңға жуық демонстрант шықты.