3.12.2021, 17:15
Оқылды: 42

Оралда 1500 орынға арналған мешіттің жобасы мақұлданды

Баршаға мәлім, мамыр айында Орал қаласының Зашаған кентінде жаңа мешіттің қазығы қағылған болатын. Осыдан үш ай бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында мешіт құрылысына жоба қабылдау бойынша байқау жарияланды. Конкурс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы өкілдігінің бастамасымен өтті.

44

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен 6 жоба ұсынылған. Нәтижесінде алматылық сәулетші Қасиет Тәшімбетовтың жобасы мақұлданды. БҚО-ның және Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Сабырәлиев дәл осы жоба барлық талапқа сай келетінін жеткізді. Ал өзге ұсынылған жобалар 500-700 орынға лайықтап жасалғанын айтып өтті.

Б.Сабырәлиев мәлім еткендей, қазіргі таңда қаладағы мешіттерде жұма намазында жамағаттың көп жиналуы орын тапшылығын тудырады екен. Бас имам жаңадан құрылысы басталатын мешіт тұрғындарымыз үшін ыңғайлы болатынын жеткізді. Мешіт құрылысына демеушілер мен инвесторларды тарту көзделген.

45

Жаңа мешіттің орны 0,88 гектарды құрайды. Бір мезгілде 1500 адам сыятын мешіт қазақы нақышта яғни, ұлттық ояулармен безендірелетін болады. Мешітте құран оқу, оқу-ағарту сабақтарын жүргізетін және неке қию залдары болады. Бұдан бөлек, мешіт аумағында 100-150 адамға арналған шатырлы алаң, шағын бақ, 500 орынға арналған автотұрақ салу қарастырылған.

Гүлзинат Қибатова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале