Ерлан Қарин ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Е. Т. Қаринді тағайындау туралы
2022 жылғы 05 қаңтар
Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 қаңтар
№ 730