10.01.2022, 9:25
Оқылды: 61

Бірлікті сақтау – басты парыз

Ата-бабамыздың арманы болған, ғасырлар бойы армандаған, қолымыз жеткен Тәуелсіздікті қорғау бүгінгі қалыптасып отырған жағдайда өте маңызды. Қоғамның әр мүшесі, Қазақстанның әр патриоты, «мен қазақпын, мен қазақстандықпын» деген азаматтың бүгінгі борышы — осы еліміздегі тыныштықты сақтап қалу.

2

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарапынан қабылданып жатқан шұғыл шаралар халықтың ойынан шығып, қазір күштік құрамдардың тарапынан, өңірлерде қабылданып жатқан шаралар еліміздегі жағдайды жалпы тұрақтандырды деп айта аламыз. Барша жұртшылыққа  айтарым, осындай жағдайларда бір ауызды болып, Президентіміздің қолға алып жатқан іс-шараларын қолдап, мемлекеттің Тәуелсіздігі үшін, ұрпақтарымыздың болашағы үшін, еліміздің егемендігі үшін аянбай жұмыс істеуіміз керек.

Майра Исенова, 

Теректі ауданы

кәсіпкер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале