22.09.2026, 9:45
Оқылды: 7

Қағидаға қайшы

Қаратөбе ауданының әкімдігі шілде айында сегіз автокөлік алуды жоспарлаған. Бірақ ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі №792 қаулысымен енгізілген мораторий бойынша бюджет қаражатын үнемдеу қажет екені әкімдік тарапынан ескерілмеген. Бұл заңбұзушылықты Қаратөбе аудандық прокуратурасы анықтады.

A lot of cars in a rows. Used car sales.

Сурет: istockphoto.com

«Прокурордың наразылығы бойынша мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының жолы кесілді. Мемлекеттік мүдделерді қорғау прокуратура құрылымдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады», – деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Аудан әкімдігі қызметтік көліктерді алу үшін жалпы құны 61,4 млн теңге болатын мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале