Бөкей ордасы ауданы бойынша сенбілікке 111 мемлекеттік қызметкер, 209 волонтер, 5566 ауыл тұрғыны қатысты.

Сенбілікке шыққан көпшілік елді мекен аумағындағы көшелерді, қоғамдық орындарды және аулаларды тазалап, қоқыс жинады. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, айнала аумақ ретке келтірілді. Таратып айтсақ, 202 гектардан 81,7 тонна қоқыс-қалдықтар шығарылды.


«Таза Қазақстан» – тек сенбі сайын өткізілетін акция ғана емес, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды күнделікті өмір салтына айналдыруды көздейтін маңызды бастама. Туған өлкенің тазалығы мен көркеюі – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі, ортақ міндеті.


Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы