Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде аудан тұрғындарына жергілікті жерде өндірілген табиғи әрі сапалы өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасалды.

Жәрмеңке сөрелерінен ауыл еңбеккерлерінің маңдай терімен өндірілген түрлі өнімдер орын алды. Қызылкөл елді мекенінен саудаға қой етін ұсынса, Шыңғырлау ауылдық округінің өндірушілері сүт өнімдері, жеміс-жидек пен өзге де маусымдық өнімдерін алып шықты.

Жәрмеңкенің басты ерекшелігі — өнімдердің тікелей өндірушілерден тұтынушыларға ұсынылуы. Бұл, бір жағынан, шаруаларға өз еңбегінің нәтижесін халыққа тікелей таныстырып, табысын арттыруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, тұрғындардың сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуына жол ашады.
Мұндай шаралар ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген шаруалар мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтып, жергілікті өнімді қолдаудың маңызын арттыра түседі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай жәрмеңкелер әр сенбі сайын өткізілуде.
С. Тыныс,
Шыңғырлау ауданы