Халықаралық туризм күніне орай білім беру саласының қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Европа–Азия – 2026» республикалық туристік фестивалі өз мәресіне жетті.

Дәстүрлі додада елдің әр өңірінен келген педагогтер туристік бағыттағы білімі мен спорттық дайындығын сынап, түрлі кезеңдер бойынша бақ сынады.
Аталған жарысқа Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының» педагогтері де қатысып, бірқатар бағытта жүлделі орындарға ие болды.
Фестивальдің нәтижесінде ерлер арасындағы «Байлам» қашықтығында Ербол Малаев мен Аманер Тлепқали І орынға қол жеткізді. Түнгі бағдарлау кезеңінде Ақжан Қуаныш әйелдер арасындағы дойбы сайысында Ботагөз Хафизова ІІ орыннан көрінді.
Сонымен қатар техникалық қашықтық пен волейбол жарысында Қазталов ауданының «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының» командасы ІІ орын иеленді.
Жекелеген сайыстарда да аудан спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. «Бард әндері» байқауында Бауыржан Қыдырғалиев ІІІ орын алса, «Байлам» қашықтығының аралас жұптар санатында Ақжан Қуаныш мен Мерей Бисемалиева жүлдегер атанды. Сондай-ақ ерлер арасындағы дойбы бәсекесінде Тимур Сарсенғалиев ІІІ орынға ие болды.
Осылайша ұстаздар бірнеше бағыт бойынша жүлделі орындарға ие болып, ауданның абыройын республикалық деңгейдегі додада лайықты танытты.
Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы