18.09.2026, 12:15
Оқылды: 65

Қос әншіге - қос автокөлік

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармония ұжымының дәстүрлі маусымашар концерті айтулы жаңалықпен өрнектелді.
04e434a4-d03f-4f72-b237-d0155bb345b6
Кеш барысында филармония директоры Бауыржан Халиолла сахна төрінен көпшілікке сүйінші хабар жеткізді.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлының тікелей қолдауымен 29-30 қыркүйек күндері дәстүрлі ән айтудағы жаһандық көрсеткішті жаңартуға бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылмақ. Ұлттық өнердің абыройын асқақтататын бұл жобаға еліміздің өнерсүйер қауымы ерекше ықыласпен қарап отыр.
Ауқымды бастаманың Бас демеушісі – «Халық Банкі». Маусымашар концертінде Бауыржан Ергенұлы банк өкілі, «Халық Банкінің» Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Жасұлан Жұмабековтің дәстүрлі ән өнерінің қос саңлағы – «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев пен «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Кәкімовке автокөлік табыстайтынын жариялады.
Бұл – ұлттық өнерді ұлықтап, өнер иелеріне көрсетілген зор құрметтің жарқын көрінісі. Ел мәдениеті мен дәстүрлі өнерін қолдауға бағытталған мұндай игі бастамалар шығармашылық қауымға серпін беріп, кейінгі буынға өнеге болары сөзсіз.
Қос әншіге жаңа белеске бастар үлкен додада сәттілік тілейміз! Ұлттық өнердің абыройын асқақтатар тарихи сәтте жеңіс пен толағай табыс серік болсын!
Айжан Амангельдина,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале