25.11.2026, 17:00
Оқылды: 28

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам кепілі: Ақжайықта аудандық форум өтті

Бүгін Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінде «Заң мен тәртіп – қауіпсіз отбасы мен қоғамның негізі» тақырыбында аудандық форум өтті.

IMG_5051

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудан прокуроры Алмас Меңлібаев, Ақжайық ауданының полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Жанаргүл Сырымова, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Құрман Бисеғалиев, білім бөлімінің облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының координатор-әдіскері Нұрлы Құбашева, отбасын қолдау орталығының директоры Шолпан Досалиева және сала мамандары қатысты.
Форумның негізгі мақсаты –азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында сала мамандарының өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

IMG_5021

Осында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова «Заң мен тәртіп» қағидатының қоғам үшін маңызына кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ осында аудан прокуроры Алмас Меңлібаев отбасылық қарым-қатынастарға қатысты заң талаптары, құқықтық жауапкершілік және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері жөнінде баяндады. Ал Жанаргүл Сырымова құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасындағы келеңсіз жағдайлар туралы хабарламаларға жедел әрекет ету және жәбірленушілерді қорғау бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Құрман Бисеғалиев отбасы тәрбиесі, ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және ер азаматтардың отбасындағы жауапкершілігі туралы ой қозғады. Білім бөлімінің облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының координатор-әдіскері Нұрлы Құбашева жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің, психологиялық қысым мен кемсітудің алдын алу мәселелеріне назар аударды.

IMG_5061

Отбасын қолдау орталығының директоры Шолпан Досалиева әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға көрсетілетін психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек түрлері жөнінде баяндады.
Жиын қорытындысында бірқатар ұсыныстар түсті. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жәбірленушілерді қорғау тетіктерінің тиімділігін күшейту, білім беру ұйымдарында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу, отбасылармен түсіндіру шараларын тұрақты ұйымдастыру және құқық қорғау органдары, білім беру ұйымдары мен отбасын қолдау орталығы арасындағы ведомствоаралық байланысты нығайту қажеттігі атап өтілді.

 

Азамат Қанапия
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале