25.11.2026, 15:15
Оқылды: 1

Оралда Ұлттық ұлан сарбаздары отандық «Барыс 6х6» броньды техникасын меңгеріп жатыр

Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығында отандық «Барыс 6х6» броньды дөңгелекті машинасын пайдалану бойынша арнайы оқу курсы өтуде. Дайындыққа Ақтау және Орал қалаларында орналасқан әскери бөлімдердің көздеуші-операторлары мен механик-жүргізушілері қатысуда.

b646e2c4-a3c1-4494-8c4f-40d8d03cb34e
Полигондағы практикалық сабақтар барысында механик-жүргізушілер броньды машинаны күрделі жер бедері мен жолсыз аумақтарда басқару дағдыларын жетілдіруде. Әскери қызметшілер маневр жасау, қозғалыс бағытын дұрыс таңдау және кедір-бұдырлы жолдардан қауіпсіз өту тәсілдерін пысықтауда.
Ал көздеуші-операторлар броньды машинаның құрылымын, қару-жарақ пен арнайы жабдықтардың қызметін, сондай-ақ борттық жүйелерді пайдалану ерекшеліктерін меңгеруде. Теориялық білім мен практикалық жаттығуларды ұштастыру жаңа техниканы тиімді әрі сауатты қолдануға мүмкіндік береді.

59f9fa1e-cf2c-4181-92a9-1ca45178212a
Айта кетейік, «Барыс 6х6» – күрделі жер бедерінде жоғары өтімділігімен ерекшеленетін отандық броньды техника. Ол 11 адамға дейін тасымалдауға арналған және ауа температурасы −50-ден +50 градусқа дейінгі жағдайда пайдалануға бейімделген.
Оқу курсының қорытындысы бойынша әскери қызметшілер теориялық және практикалық сынақтар тапсырады. Сынақтан сәтті өткендерге броньды машинаны пайдалану бойынша арнайы даярлықтан өткенін растайтын сертификаттар табысталады.

 

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік
қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале