25.11.2026, 15:00
Оқылды: 0

145 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында телекоммуникация саласын дамыту мәселесі қаралды. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режимде қатысты.

921805317_1609161510982476_42169617063858744_n (1)

Бүгінде өңірдегі 405 ауылдық елді мекеннің 373-і, яғни 92 пайызы интернетпен қамтылған. Биыл 17 ауылда байланыс сапасы жақсартылып, 7 елді мекенде жаңа базалық станциялар орнатылды. Сондай-ақ халық саны 50-ден аз 33 ауыл OneWeb спутниктік интернет желісіне қосылды.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылға дейін 220 ауылды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Бүгінде 145 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бұл жұмыстар одан әрі жалғасып жатыр.

Аймақ басшысы ауылдық елді мекендердегі байланыс сапасын арттыру және цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға, халықты сапалы интернетпен қамтамасыз етуге ерекше басымдық беріп отыр. Цифрлық технологиялардың игілігін қала тұрғындары ғана емес, шалғай ауылдардағы азаматтар да бірдей көруі тиіс. Сондықтан байланыс операторларымен бірлесіп, интернеттің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруымыз қажет, – деді Нариман Төреғалиев.

Облыста байланыс сапасы төмен 78 аумақтың 47-сіндегі мәселе шешіліп, қалған 31-і бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Орал қаласында 5G технологиясы бойынша 97 базалық станция іске қосылды.

921805317_1609161510982476_42169617063858744_n

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын мобильді интернетпен қамту мақсатында 7 антенна-діңгек құрылғысын орнату жоспарланған. Оның төртеуінің құрылысы басталды.

Сонымен қатар биыл «Орал – Астана», «Орал – Алматы» және «Орал – Маңғыстау» бағыттарындағы жолаушылар пойыздары спутниктік интернетпен қамтамасыз етілді.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале