24.11.2026, 16:30
Оқылды: 10

Ардагер алған алтын

Оралдық гроссмейстер Мұртас Қажығалиев ардагерлер арасында шахматтан өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды.

6ada5afd-59f5-49ca-8ef8-ed06b0176b44
Бұл сайыс Сербияның Врнячка-Баня қаласында 50 жастан асқан шахматшылар арасында өтті.
Аталмыш чемпионатта бақ сынаған отандасымыз 11 турдың қорытындысы бойынша
8 ұпай еншілеп, барлық қарсыластан басым түсті. Шешуші кезеңде Мұртас Қажығалиев қазақстандық шахматшы Павел Коцурды жеңіп, жеке есепте чемпион атанды.
Чемпион 1973 жылы Орал қаласында дүниеге келген.

Ол 8 жасынан бастап шаршы тақтаның қыр-сырына қанығып, шахмат ойынына қызығушылығы оянады. Одан кейін 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында, 26 жасқа дейінгі жастар арасында республика чемпионы атанды. Аргентинадағы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Швейцарияда өткен әлем шемпионатының қола жүлдегері болды.

1998 жылы РФ-ның Элиста қаласында ұйымдастырылған 33-інші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының «ФИДЕ» конгресінде Мұртас Қажығалиевке ресми түрде «халықаралық гроссмейстер» атағы берілді. Қазіргі кезде Мұртас Мұратұлы негізін қалаған Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған шахмат мектебі жас шәкірттердің қабілетін шыңдап, зияткерлік әлеуетін арттырып келеді.

Нұрым Ғұмар,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале