5-6-сынып оқушылары арасында өткен «Ақ желкен – 2026» облыстық математикалық регатасында Қазталов ауданының құрамасы жүлделі ІІ орынды иеленді.

Орта буын оқушыларының логикалық пайымын, күрделі есептерді талдау қабілетін және шектеулі уақыт ішінде оңтайлы шешім табу дағдысын сынаған білім додасында ауыл мектептерінің шәкірттері жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Облыстық жарыста аудан намысын қорғаған Қараөзен мектеп-лицейінің оқушылары Ершат Ерхатұлы мен Марғұлан Өтегенов, Қазталов мектеп-лицейінің оқушысы Айдар Сарқұл және Ғ. Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Нұрлан Садуақас күміс жүлдегер атанды.
Мәриям Рахим,
Қазталов ауданы