23.11.2026, 17:45
Оқылды: 7

Қаратөбе аудандық газетіне жаңа редактор тағайындалды

Бүгін аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев аудан активіне аудандық «Қаратөбе өңірі»  қоғамдық-саяси газетінің жаңадан тағайындалған директор-редакторы Райымбек Абаевты таныстырды.

image-23-11-26-03-45

Жиынға «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Дархан Оразов және серіктестіктің бұрынғы бас директоры, зейнеткер Табылғали Сапаров қатысты.

Аудан әкімі жаңа бас редакторға сәттілік тілеп, жауапты қызметіне табыс тіледі.

image-23-11-26-03-45-3

 Райымбек Абайұлы алғашқы еңбек жолын 2016-2018 жылдары аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің тілшісі қызметінен бастады.

2019-2023 жылдары аудандық мәдени демалыс орталығының әдіскері қызметі.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің ІІ санаты тілшісі қызметін атқарып келді.

2026 жылдың қыркүйек айының 3-інен бүгінге дейін «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалы, «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы міндетін уақытша атқарды.

                                                                            Ерболат Райсов,

                                                                             Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале