25.11.2026, 17:45
Оқылды: 22

Ақжайық ауданы: Жаңабұлақтың жаңа саябағына 57 түп көшет егілді

Жасыл ауыл. Жасыл мекен. Тал-терегі жайқалып, көшелері таза елді мекенді көргенде осындай сөздер ойға оралады. Жайық жағасынан қоныс тепкен Жаңабұлақ та – сондай ауылдардың бірі. Мұнда жыл сайын егілген көшеттер бой көтеріп, ауылға ажар беріп келеді. Бұл да заңды, ауылдың жері құнарлы, таяқ қадасаң, жапырақтап тал болып көгеруі әп сәтте.

53e709eb-f4be-4a9a-b1c2-bc30cf3f53fd

Қысқа салым жаңабұлақтықтар ауылдың жаңа саябағына жиналды. Округ әкімдігінің қызметкерлері, су, газ және электр саласының мамандары, ауыл ақсақалдары мен аналар осында  57 түп көшет отырғызды.

5590b675-0b75-4a07-938f-c9b8de65bdc4

Саябаққа өңіріміздің ауа райына төзімді ағаш пен бұта түрлері таңдалған. Ауылдастар 7 түп шырша, 20 түп терек, 11 түп катальпа, 8 түп берікқарақат және 11 түп сірке ағашын екті.

6e191a1f-9769-432a-a1f6-4cc895688c1b

Жаңабұлаққа көрік беріп тұрған тал-терек те кезінде біреудің қолымен егілген көшет еді ғой. Бүгін ауылдастар сол істі жалғады. Ендігі тілек – егілген көшеттер тамыр жайып, жаңа саябақ жаңабұлақтықтар кешкілік серуен құратын саялы орынға айналсын.

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

1f6451df-4237-47e1-b803-546986ad4431 6dcc5748-3d77-4172-b525-dab03c7a5ee5

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале