18.09.2026, 13:00
Оқылды: 0

Шыңғырлауда жаңа өрт сөндіру орталығы салынып жатыр

Шыңғырлау ауданында жаңа өрт сөндіру орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Аталған маңызды нысанмен облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы танысып, жобаның жүзеге асу барысын бағамдады.

78b60e00-aa23-4eff-9c94-00210ed2989d

Жаңа өрт сөндіру орталығы республикалық бюджет қаражаты есебінен салынуда. Өңір басшысы бұл бастаманың ел қауіпсіздігін арттырудағы маңызы зор екенін атап өтіп, нысанның сапалы әрі уақытында аяқталуына ерекше назар аударды.

a7883da0-69df-40d6-b885-92bdc786728c

Заманауи талаптарға сай бой көтеріп жатқан өрт сөндіру орталығы толыққанды жабдықталады. Мұнда қызметкерлерге арналған асхана, спорт залы қарастырылған. Сонымен қатар, орталық үш жаңа өрт сөндіру автокөлігімен қамтамасыз етіледі. Жоба іске қосылған кезде 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

0e60fb08-a6b1-49c3-9d3b-870b06b6cf56

Қазіргі қолданыстағы екі өрт сөндіру көлігі ауылдық елді мекендерге берілмек. Осылайша, аудан орталығынан бөлек тағы үш ауылда өрт сөндіру бекеттері жұмыс істеп, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігі артады.

83800c76-95bb-4e71-a046-062714ee278d

Жоспарға сәйкес, нысан осы жылдың қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстары небәрі үш ай ішінде аяқталмақ. Жобаның жалпы құны – 400 миллион теңге. Облыс әкімі бұл қаражаттың тиімді әрі мақсатты жұмсалып жатқанын атап өтті.

Жалпы, жаңа өрт сөндіру орталығы – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды әлеуметтік нысан. Оның іске қосылуы өңірдегі төтенше жағдайлар қызметінің әлеуетін арттырып, халыққа көрсетілетін көмектің сапасын жаңа деңгейге көтермек.

Бекзат Қанәділ

Жайық Пресс

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале