АҚШ бүгін Украинадағы шиеленісті жағдайды талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд Ресей әскерінің Украина маңына шоғырлануына қатысты нақты жауап алғысы келетінін айтты. Батыс елдері Украинаға қолдан келгенше көмектесіп бағуда. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттары мен НАТО-ны әскери және саяси мақсатта Украинаны Ресейдің шекара аумақтарында шиеленіс тудыруда пайдаланды деп айыптайды. «Біз әлемнің кез келген елі сияқты АҚШ-пен жақсы, тіпті өзара сыйластық, тең қарым-қатынасты қалаймыз.
Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин АҚШ Президенті Джо Байденге айтты. Тіпті, 2021 жылғы маусымда Женевада өткен кездесуінде де дәл осындай мәлімдеме жасады», – деді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей АҚШ пен НАТО-дан әскери альянсты шығысқа қарай кеңейтпеу кепілдігін талап етті. Бірақ олар талапты орындаған жоқ.