ҚР бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушының Қазақстан аумағында жарамды шетелдік вакцина паспорттарының тізімі белгіленген қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаулы мәтінінде вакцина паспорты мен сертификаты Қазақстан аумағында жарамды деп танылған 35 мемлекеттің аты бар.
«Осы қаулымен бірге жарияланған қосымша бойынша Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия мемлекетінде, Ұлыбританияда, Мажарстанда, Грузияда, Индонезия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасында, Эквадор Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация паспорттары/ сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», - деп жазылған құжатта.
Құжаттың толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады. Бұған дейін вакцина паспорты біздің елде жарамды мемлекеттердің саны 25 болатын.