2022 жылғы 17 ақпандағы мәлімет бойынша Қазақстанда 9 320 449 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырды.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін салдырғандар саны 8 903 870 адамға жетті.