Гейтс Германиядағы жыл сайын болатын Мюнхен қауіпсіздік конференциясында CNBC-ге сөйлеген сөзінде COVID-19-дың қаупі төмендегенін айтты.
"Егде жастағы, семіздікпен, қант диабетімен ауыратын адамдар үшін бұл инфекцияның қаупі күрт төмендеді ", - деді ол.
Алайда оның пікірінше, әлемге тағы бір пандемия келеді.
"Әлемге тағы бір пандемия келеді. Жаңа пандемия коронавирус отбасынан басқа патогенмен байланысты болады", - деп қосты ол.
Гейтс, егер инвестиция қазір салынса, медициналық технологиядағы соңғы жетістіктер жаңа пандемиямен жақсы күресуге көмектесетінін айтты.
"Егер барлық ел Аустралия сияқты әрекет етсе бұл пандемия болмас еді", - деді ол.
NEGE.