Оның айтуынша, ҰҚШҰ жарғыларына сәйкес, ұйым елдерінің бітімгершілік күштері мен әскерлері тек ұйымға мүше елдердің аумағында ғана қолданыла алады.
Қақтығыс аймағы қатысушы елдердің аумағына кірмейді, сондықтан бізде осы шарттар мен ратификацияланған келісімдерге сәйкес, ҰҚШҰ шеңберінде бітімгершілік күштерді қақтығысқа жіберуге құқымыз жоқ. Бірақ қандай да бір жағдай туындап, БҰҰ-ның мандаты аясында БҰҰ деңгейінде шешім қабылданса, шешім болған жағдайда Қазақстан әлемнің кез келген нүктесіне бітімгершілік күштерін жібере алады, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.