8.03.2022, 17:10
Оқылды: 40

Таэквондодан Қазақстанның әйелдер құрамасы Fajr Open турнирінде үшінші орын алды

Қазақстанның таеквондодан әйелдер құрамасы 32-ші Fajr Open халықаралық турнирінің жеңімпаздары үштігіне енді, деп хабарлайды Қазақстан таэквондо федерациясының баспасөз қызметі.

vw7fIKdB42S4SSJjHlj8UzrTzUBSUfkYa8UpiVsg

Қазақстан еншісінде бір күміс, бір қола медаль. Олар Жансель Дениз (73 келіге дейін) бен Әмина Нұрғазықызына (62 келіге дейін) тиесілі.

Жарыстың екінші күні төрт спортшымыздың екеуі ширек финалға шықты: Мария Севостьянова (57 келіге дейін) мен Айгүл Елубай (73 келіден жоғары), бірақ екеуі де жартылай финал жолдамасын ала алған жоқ.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.

Бірінші орында Иран, екінші орында Өзбекстан спортшылары тұрақтады.

 

BAQ.KZ

Фото: дереккөз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале