10 сәуір, жексенбі күні өткен Франциядағы президенттік сайлаудың бірінші турының нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Қазіргі президент Эммануэль Макрон 27,4 % дауыс жинап, жеңіске жетті.
Екінші орында «Ұлттық қауымдастық» партиясының төрағасы Марин Ле Пен, ол 24,0 % дауыс иеленген.
Сарапшылардың болжауынша, саяси науқанның бірінші турындағы сайлаушылар саны салыстырмалы түрде төмен болып шықты – 74,84 %. Бұл көрсеткіш 2007 жылғы сайлауда 83 %-дан астам болған.
Президенттік сайлаудан шығып қалған үміткерлердің көпшілігі өз жақтастарын екінші турда Эммануэль Макронды қолдауға шақырды.
Сайлаудың екінші кезеңі екі аптадан кейін – 24 сәуір күні өтеді.