29.04.2022, 12:45
Оқылды: 47

Кезекті комиссия отырысы өтті

Жәнібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен өткен жиынға ауыл әкімдері, комиссия мүшелері, бөлім басшылары қатысты.

279419893_2609632115839454_5183924666697933864_n

Комиссия отырысының күн тәртібінде 2022 жылғы өрт қауіпті маусымына дайындық жайы қаралып, Жақсыбай, Ақоба ауылдарында орналасқан өрт сөндіру бекеттері туралы, ауылдық округтердегі ерікті өртке қарсы құрамалардың дайындағы хақында округ әкімдері Алмат Қаратаев, Нұрлыбек Жакин баяндама жасады.

Жиын барысында Азамат Сафималиұлы апаттың айтып келмейтіндігін, сондықтан тәуліктің кез келген уақытында түрлі жағдайларға сақадай сай болу қажеттігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ аудан басшысы көлікті техникалық байқаудан өткізу барысын жіті бақылауды тиісті бөлім басшыларына қадағалауды тапсырды.

279452835_2609632702506062_1585053787735025829_n

Одан әрі, күн тәртібіндегі мәселе 2022 жылғы суға шомылу маусымында судағы адам өлімінің алдын алу туралы бірнеше хабарлама жасалды. Жәнібек ауылының шығыс жағында орналасқан коммуналдық жағажай туралы және басқада аудан аумағындағы суға түсу орындары бойынша Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаев баян етті. Өз кезегінде аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Айжан Испенбетова, Жәнібек аудандық демалыс орталығының директоры Бауыржан Қарақұлов жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы хабарлама жасады.Аудан басшысы саябақтың жұмысын жандандыру қажеттігін,балаларға арналған батуттар, аттракциондарды жаңарту қажеттігін баса айтты.

Жиында 2021-2022 жылдардағы қысқы және жылыту маусымдарының қорытындысын аудандық тұрғын үй тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Жаналиев айтса, аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының басшысы Салтанат Ералина аудан аумағындағы елді мекендердің тазалығы туралы хабарламасы тыңдалды.

Комиссия отырысының қорытындысымен барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік деңгейін қажетті дәрежеде қамтамасыз ету бойынша уақтылы іс-шаралар жүргізулері туралы тапсырмалар жүктелді.

Ә.Қуанғалиева,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале