Балалар жылына орай Жаңақала мәдени-демалыс орталығында үлгілі «Нұрбибі», халықтық «Сымбат» би ансамблдеріне жетекшілік ететін Лунара Қанатованың «Биім – әдемілік әлемім» атты есеп беру концерті өтті.
Ғасырлар бойы жалғасып, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан, ұлттың ерекшелігін, салты мен дәстүрін айшықтайтын, қоғамнан ойып алар орны орасан зор ол – би өнері. Жаңақала өңірі топырағында мың бұралған, жүректегі ойды жазуды бимен өрнектеп жүрген Лунара Нұрланқызы жетекшілік ететін өнер ұжымы – ауданымыздың мақтанышы үлгілі «Нұрбибі», халықтық «Сымбат» би ансамблдері «Мереке думан», «Қамажай» қазақ биі, «Шолпан қыз» қазақ биі, «Хорезм» биі сынды билерін көрерменге тарту етті.
Өнер жолында анасының ізбасары «Әжемнің сандығы» қазақ биімен Райхан Садықова биден шашу шашты. Кеш қонағы әнші, композитор Республикалық байқаулардың лауреаты Е.Ақбасов және А.Сейтова әннен шашу шашша, Н.Отарбав пен Б.Өтешқалиев күйден тарту тартып көрерменді қошеметке бөледі.
Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, Б.Бақтығұлқызы ата-аналар атынан алғыс білдіріп, ықылас гүлін табыс етті.
А.Айденова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz