20.06.2022, 14:45
Оқылды: 13

Қаратөбеде қол күресінен БҚО чемпионаты өтті

Қаратөбеде алғаш рет 17-19 маусым күндері қол күресінен 2004-2006 және 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында БҚО чемпионаты өтті.

sport

«Балалар жылына» орай ұйымдастырылған шара жасөпірімдердің спортқа қызығушылығын арттырып, дене қабілеттерін шыңдап, салауатты өмір салтын сақтауға шақыруды мақсат етті.

Айтулы бәсекеге 7 командадан 110-ға жуық спортшы қатысып, жарыс жеңімпаздарына  «Спорт шеберлігіне үміткер» атағы берілді.

Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев спортшыларға сәттілік тілеп, қол күресі спортына қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

Аталмыш шарада жарыстың төрешісі БҚО-ның гір спорты және қол күресі федерациясының президенті Мұрат Қолғанатұлы сөз алып, жарыстың өту барысын түсіндіріп, федерация атынан аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектеп директоры Дулат Қолмановқа алғысын білдірді. Сонымен қатар үш дүркін Әлем чемпионы Ержан Ерболатұлы және Ержанның жеке жаттықтырушысы Нұрхат Есенжанұлын алғысхатпен марапаттап, ақшалай  сый берді.

Жарыс қорытындысында 2007-2008 жылы туған ұлдар арасында 36 келі салмақ дәрежесінде І орын алған Саят Зейнеп (Ақжайық ауданы), 40 келі салмақ дәрежесінде жарыс жеңімпазы атанған Айбек Қаматай (Ақжайық ауданы), 45 келіде І орын алған Саят Темірханов (Ақжайық ауданы), 50 келі салмақта жарыс жеңімпазы Орал қаласынан келген Жалғас Амангелді, 55 келіде Алихан Құдайбергеннің бағы жанса (Орал қаласы), 65 келі салмақ дәрежесінде Арман Серік (Қаратөбе ауданы), +70  келі  салмақ дәрежесінде Дарын Қайырғали (Ақжайық ауданы) үздік танылды.

2007-2008 жылы туған қыздар арасында қаратөбелік қыздар топ жарды. 40 келіде Шаттық Ғалымжанқызы, 45 келіде Айым Жәлел, 50 келіде Аружан Жәлел, 55 келіде Айман Серік, 60 келіде Нұрсауле Маулеш, 65 келіде Эльнура Темирова, 70 келіде Шұғыла Серікқызы сынды қаратөбеліктер жарыс жеңімпазы атанса, +70 келіде оралдық Гүлназ Сұлтанның бағы жанды.

2004-2006 жылы туған ұлдар арасында 50 келі салмақ дәрежесінде І орын алған Ақниет Маратов (Жаңақала ауданы),  55 келі салмақта Райымбек Жасұлан (Қаратөбе ауданы), 60 келі салмақта Қолғанат Боранбаев (Жаңақала ауданы), 65 келі салмақта Әлімжан Қадіров (Орал қаласы), 70 келі салмақта Рахман Отарбаев (Орал қаласы), +70 келі салмақта Ернұр Жоламанов (Теректі ауданы) жеңімпаз атанды.

Осы жылы туған қыздар арасында 45 келі салмақ дәрежесінде І орын алған Нұрилә Беркін (Орал қаласы),  50 келіде Маһаббат Қуантаева (Орал қаласы), 55 келіде Гүласыл Болатова (Жаңақала ауданы), 60 келіде Тахмина Шахрикова (Жаңақала ауданы),  65 келіде Аида Құбай (Қаратөбе ауданы),  +70 келі салмақ дәрежесінде Аяулым Таңжарық (Сырым ауданы) үздіктер қатарынан көрінді.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале