1.08.2022, 18:00
Оқылды: 41

БҚО-да жол апатынан 9 жасар бала қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 9 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10

Фото дереккөзі: otyrar.kz

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін таңғы сағат 07.50-де Ақжайық ауданы аумағында болды.

«Орал-Атырау жолында Тайпақ ауылы тұсында жүргізуші рульге ие бола алмай, автокөлік аударылған. Салдарынан 2013 жылғы бала оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі медициналық көмектен бас тартты. Жол апатынан тағы екі адам зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша 1976 жылғы әйел бас пен мидың жабық жарақатын алып, миы шайқалған, сол аяғы жырылған. 1996 жылғы қыз да бас пен мидың жабық жарақатын алып, миы шайқалған, оған қоса жұмсақ тіндері көгерген», - деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да автокөліктің жылқыға соғылып, бір адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале