4.10.2022, 13:00
Оқылды: 46

Бас прокуратура Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс неден болғанын айтты

Бас прокуратура 3 қыркүйекте Қостанай қаласында болған "Оружейная палата" дүкеніндегі жарылыс пен өрт фактісін тергеп-тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
7789528404714cc8b0d86215e545b3a1

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болғандықтан, оқиға қарсаңында Қарағанды облысынан "Сокол" маркалы 40 килограмм оқ-дәріні кейіннен өлшеп орау және сату үшін сатып алған.

Бұл оқ-дәрі Қостанай қаласына ауа температурасы 36 градус ыстық болған кезде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұза отырып тасымалданған және жарылыс болған дүкеннің жертөле бөлмесіне сақтауға қойылған. Сарапшылар "Жарылыстың себебі оқ-дәрінің тұтануы болды, бұл қирауға және өрттің тұтануына әкеп соқты" деген қорытындыға келді.Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 Қазіргі уақытта тергеу кінәлі адамдардың жауаптылық дәрежесін анықтауда.

2022 жылғы 3 қыркүйекте Қостанайда қару-жарақ дүкенінде жарылыс болып, салдарынан алапат өрт жақын маңдағы ТЖО және тұрғын үйлерге тарады. Өрт салдарынан дүкеннің 11 қызметкері зардап шекті, оның төртеуі қаза тапты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале