24.10.2022, 21:32
Оқылды: 34

Бәйтерек ауданына қарасты Щапов ауылында 420 орындық жаңа мектеп ашылды

Республика күні қарсаңында Бәйтерек ауданы Щапов ауылында 420 орындық жаңа мектеп ашылды. Заманауи үлгіде салынған Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің жаңа ғимараты ауылдың ажары болып тұр.

1D977B91-3AC9-4F07-9D7F-AA2BD3CFC11E

Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің ескі ғимараты 1974 жылы салынған, жобалық қуаты 120 орынға арналған. 2021 жылы мектепке Бауыржан Момышұлының есімі берілген. Жаңа мектеп ғимаратына мемлекет тарапынан 1 191,07 млн теңге қаражат бөлінген. 420 орынға арналған ғимарат құрылысын «СКФ Отделстрой» ЖШС мердігерлік компаниясы жүргізді.

Мектептің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы жас ұрпаққа білім беретін жаңа талапқа сай салынған білім ордасының мүмкіндігі зор екендігін айтып, жиынға қатысушыларды жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

1A2DB147-16B1-4726-8231-14127387A6D5

Щапов елді мекенінің ауыл тұрғындарын, ата-аналар мен мектеп оқушыларын бүгінгі қуанышты күнмен құттықтаймын. Жаңадан салынған білім ордасы еліміз үшін айтулы мереке Республика күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Ұлттық меркемен баршаңызды құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін. Қазіргі таңда өңірде қыркүйек айынан бастап 1 мемлекеттік, 1 жекеменшік мектеп ашылды, міне бүгін тағы да бір білім ошағының тұсауы кесілді. Алдағы уақытта жылдың соңына дейін бірқатар әлеуметтік нысандардың іске қосылуы жоспарлануда. Мұның барлығы мемлекет тарапынан бүлдіршіндеріміздің жарқын болашағы үшін жасалып жатқан игі жобалар. Еліміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақ екенін ұмытпайық. Қазіргі таңда 420 балаға арналған кең және жарық, әдемі мектепте спортпен де шығармашылықпен де айналысуға барлық мүмкіндік жасалған. Сондықтан осы бастамаға қолдау білдірген мердігер компанияға, осы мектептің ұстаздарына, ардагерлер мен ата-аналарға зор алғысымды білдіремін. Қуатты Қазақстанымыз өркендей берсін. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын. Батыр бабамыздың аты берілген білім ошағынан тәлім мен тәрбие алған балалар еліміздің мақтан тұтар азаматы болатынына сенемін, - деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

07CA4967-E012-43EA-8399-DC234CE44BC1

Шара барысында «Бауыржан мектебі» атты әнұранның тұсауы кесіліп, мектеп оқушылары әуенді хормен орындады. Әннің сөзін журналист, ақын, жазушы Мұнайдар Балмолда, әнін саз пәнінің мұғалімі Элеонора Солдатова жазған.

Салтанатты жиында «СКФ Отделстрой» ЖШС мердігерлік компаниясы басшысы Валентина Михно жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, ақжарма тілегін білдіріп, мектеп директоры Аймекен Бақтығалиеваға білім ордасының кілтін табыс етті. Бұдан соң шараға келген қонақтар сәні мен салтанаты келіскен мектеп ғимаратының ішкі құрылымымен танысты.

B0C882DF-6CCF-4139-A919-0A2000D551E7

Ауылымызда бұрын тек қана 96 балаға арналған орта мектеп болды. Мектеп ертеректе салынғандықтан, жөндеуді қажет етті. Бұрынғы мектепте балалар екі-үш ауысымда білім алғандықтан, бұл жағдай мектеп ұжымы мен мұғалімдерге біршама қиындықтар туғызды. Соңғы кездерде ауыл тұрғындары мен бала санының артуына байланысты жаңа мектепке деген қажеттілік туындады. Біз осы күнді асыға күттік. Бүгін біздің ауылымызда үлкен қуаныш. Қазіргі заман талабына сай жабдықталған, биік, жылы, зәулім мектеп балалардың игілігі үшін ашылып жатыр. Халықтың, мектеп ұжымының, ата-аналар мен бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Осындай мектеп ғимаратын тарту еткен басшылыққа алғысымыз шексіз, - деді ауыл тұрғыны Айтқали Әбжанұлы.

Жаңа мектеп бізге қатты ұнады. Бұрын ескі мектепте кішкентай ғана сынып бөлмелерінде оқуға тура келді. Менің сыныбымда 17 оқушы бар. Сыныптастарымның қуанышында шек жоқ. Өйткені қазір мектебімізде оқушылар үшін барлық жағдай жасалған. Мектепте спорт, домбыра, би, күрес, шахмат, мәнерлеп оқуға арналған үйірмелер бар. Мен би, домбыра, волейбол үйірмелеріне қатысамын, - дейді мектеп оқушысы Аружан Бекмачева.

BC90C7B6-108F-4CBE-B179-1F9610005370

Бүгін ауылымызда жаңа мектептің тұсауының кесілуі оқушылар мен ата-аналар және әріптестерім үшін үлкен қуаныш. Осындай үлкен ғимарат бой түзеді. Бұл біздің көптен бергі арманымыз. Ең алғаш 1999 жылы жас маман болып осы мектепке қызметке келген болатынмын. Қазіргі таңда 23 жыл еңбек өтілім бар, бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмыс жасап келемін. Барлық жағдай жасалған, жаңа технологиямен жабдықталған мектепте оқушыларымыздың білім алатынына қуаныштымыз. Еліміздің болашағын баянды етер білімді, озық, зерек шәкірттерді тәрбиелеуге бар күшімізді саламыз. Қазіргі таңда екі ауысымда, екі тілде, оқушылар білім алып жатыр. Оқушыларымыздың білімге деген ынта-талабы жоғары. Біздің мектеп оқушыларының аудандық, облыстық, республикалық деңгейде жеткен жетістіктері көп. 2021 жылы білім ордасына Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі атауы берілді. Биыл міне, атамыздың рухы қолдап жаңа мектептің табалдырығын аттап жатырмыз. Оқушыларымыз батыр аталарындай қайсар да өр рухты ұрпақ боларына сеніміміз мол, - деді бастауыш сыныптың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жазира Жұбанова.

88BC85B8-1017-4179-ACC5-82D15FB32B22

2022-2023 оқу жылында екі ауысымда 435 оқушы білім алуда, оның ішінде Жаңатаң ауылынан 41 бала автокөлік тасымалымен қамтылуда. Оқыту аралас тілде жүргізіледі, қазақ тілінде 293 оқушы, орыс тілінде 142 оқушы. Биылғы оқу жылында 1-сыныпта 40 оқушы, мектепалды даярлық тобында 45 бала тәрбиеленуде. Мектепте 67 педагог қызмет атқарады.

Жаңа ғимарат 21 оқу кабинеті, 15 интерактивті тақталармен жабдықталған. Сонымен қатар, 1 смарт кабинет, 2 шеберхана, 2 информатика кабинеті, спорт зал, кітапхана және 30 орындық оқу залы, 208 орындық мәдениет залы, 72 орындық асханасы бар. Мектеп ауласы 2 ойын,  футбол, баскетбол, жүгіру және спорт алаңдары, 4 демалу орнымен қамтамасыз етілген.

7FB4B749-F588-4634-8022-7B785B24492B

78567A3E-4BC5-4290-BD81-C1BC66619BAB

8F502538-CA0C-429B-B7BF-5197DEF4B41E
6A20C311-EAD5-464E-9AEF-FBB58A236E6E

4B76D6B3-5DC5-4B5A-90F5-515319956729

ADF123DC-A620-49D9-9804-4132FC063B4D
E4C31A2C-ED93-4B12-8499-73A7253BD496
F1C1C837-1E07-411D-8C1C-21AF03DEAFEA
F41189EC-7D65-44A4-9037-DD5FC1EF5559
605C5BE6-B370-4706-8EB8-83B4CE2F93BF

B32AB9C6-F41C-40ED-8324-BAED6BD52733
CB7B656D-31C4-4F76-85DA-CCF92ECCB2B4
A5DFBE56-B5A4-4FE3-8428-9F01E46C33F3
56B1E315-675B-427C-9D93-82879B0B7703
BA4B6C40-AFA4-4563-A9AE-32C193A83290

7F964825-C783-4ADE-BAB1-B684F5370CDF

Альбина Батенова,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале