Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудандық білім беру бөлімінің ауданның жүз жылдық мерейтойына орай ұсынған «Жәнібек рухани жаңғырудың жаңа белесінде» атты жобасының қорытынды кеші өтті. Жоба төрт бағыт бойынша бір жыл көлемінде жүзеге асырылды.
Салтанатты кеш аудан орталығындағы мектептер ұйымдастырған шағын көріністермен басталды. Онда ауданда алғаш мектептің қалай бой көтергендігі, аштық, сұрапыл соғыстың тигізген зардаптары сахналанды. «Менің атым – Қожа» киносынан үзінді қойылды. Ауданға еңбек сіңірген ардагер ұстаздардың ерліктері паш етілді.
Одан әрі аталмыш жобаның сәтті өтуіне үлес қосқан мекемелерге, ұстаздарға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина өз атынан алғысхаттар табыстады. Атап өтер болсақ, Т. Жароков атындағы орта мектептің директоры Сержан Қошанов, №1 мектеп-лицейдің директоры Тахир Мусинов, А. Оразбаева атындағы негізгі мектептің директоры Асылан Әмірханов, Ғ. Сарыбаев атындағы орта мектептің директоры Серік Сидеғалиев, М. Ықсанов атындағы орта мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің директоры Мейірбек Сарнаулов, Ғ. Қараш атындағы орта мектептің директоры Светлана Ғұсманова, Тегісшіл негізгі мектебінің директоры Асылхан Шабанов, Е. Ниетқалиев атындағы орта мектептің директоры Еркінгүл Есенова, Ғ. Абдуллин атындағы орта мектептің директоры Ринат Қарабалин, Ө. Сахипов атындағы орта мектептің директоры Жандос Меңдіғалиев, Х. Халиуллин атындағы орта мектептің директоры Елдос Әліпқалиев, Ұзынкөл орта мектебінің директоры Лунаргүл Дишенова алғысхатқа ие болды.
Сондай-ақ қосымша білім беру орталықтары мен мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына да алғысхаттар табысталды. Олардың қатарында мектептен тыс жұмыстар орталығының директоры Нұртілек Мизамбаев, балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Асқар Есеекев, балалар саз мектебінің директоры Жақсылық Бисенғалиев, «Алтын ұя» бөбекжайының директоры Ғалия Елемесова, «Балдәурен» бөбекжайының директоры Ажар Хаби, «Жәнібек» бөбекжайының директоры Гүлмира Бекжанова, «Қайрат» бөбекжайының директоры Алтынай Қарашина, «Ақбота» бөбекжайының директоры Бибигүл Сағындықова, «Балауса» бөбекжайының директоры Гүлназ Жәнікеева, «Ұзынкөл» бөбекжайының директоры Мейрамгүл Қыдырова, «Балапан» бөбекжайының директоры Нәбия Өтебалиева, «Балбұлақ» бөбекжайының директоры Айгерім Әменова болды.
Жобаның тиісті деңгейде өтуіне үлес қосқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев, аудандық мемлекеттік архивтің директоры Жанар Қошанова, аудандық музей бөлімінің басшысы Меңдігүл Фазылова, аудандық «Шұғыла» газетінің директор-редакторы Гүлзара Төреғалиеваға да алғысхат табысталды.
Мектептер арасында осы жобаның барлық бағыты бойынша ерекше қызмет атқарып, үлес қосқаны үшін Е. Ниетқалиев атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Райхан Ғиззатова, №1 мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Құбаева, Ғ. Абдуллин атындағы орта мектеп оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған Аида Оразәлиева, Ұзынкөл орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаңылсын Чукина, М. Ықсанов атындағы орта мектеп-бөбекжай-балабақша кешені директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаран Қаратаев, Т. Жароков атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Меңдібек Сырымов, Ғ. Абдуллин атындағы орта мектептің кітапханшысы Гүлнар Ахметова, №1 мектеп-лицейінің кітапханашысы Гүлнар Мұқанова, Т. Жароков атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жасқайрат Каргин, Ұзынкөл орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Гүлнар Бапахова, М. Ықсанов атындағы орта мектеп-бөбекжай- балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лидия Берікқалиева, мектептен тыс жұмыстар орталығының қосымша білім беру педагогі Нагим Төлебеков, №1 мектеп-лицейінің технология пәнінің мұғалімі Айнұр Түнғатарова алғысхатқа ие болды.
Өз кезегінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина аталмыш жобаның жоспары дұрыс құрылуына, жоғары деңгейде орындалуына ерекше атсалысқан білім беру бөлімінің әдіскерлеріне алғыс білдіріп, олардың еңбегі зор екенін атап өтті. Сондай-ақ алғысхаттар табыстады.
Жоба аясында күні кеше білім беру мекемелерінің арасында волейболдан турнир өтті. Сол турнирдің жеңімпаздары да марапатталды. Жарыс нәтижесінде Т. Жароков атындағы орта мектеп командасы І орын, М. Ықсанов атындағы колледж командасы ІІ орын, қосымша білім беру ұйымы командасы ІІІ орын алды. М. Ықсанов атындағы колледж командасының ойыншысы Нұрлыбек Ғұбайдуллин «Үздік байланыстырушы», қосымша білім беру ұйымы командасының ойыншысы Ерлан Ниғметов «Үздік қорғушы», Т. Жароков атындағы орта мектеп командасының ойыншысы Нұрболат Хисин «Үздік шабуылшы» аталымына ие болды.
Кеш әрі қарай мерекелік концертпен жалғасты. Сонымен қатар мәдениет үйінің фойесінде көрме ұйымдастырылды. Онда 100 жылдыққа орай жасалған қолөнер шеберлерінің туындылары, естелік фотосуреттер қойылған.
Бақытжан Серіков,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz