Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, белгілі дінтанушы Қабылбек Жұмабеков Жаңақала ауданына ат басын бұрды. Белгілі ұстаздың уағызын тыңдауға халық көп жиналды. Жиналғандардың дені жастар.

Исламтанушы жастарды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу жайында уағыз-насихат жүргізді. Қабылбек Әліпбайұлы Алла разылығы үшін білім алудың маңыздылығын түсіндіріп, ізгі жолға түскен жастарға береке, табандылық тіледі.

Құран жаттаудың, білім алудың артықшылығын айтып, әсерлі уағыз жүргізді. Сондай-ақ жастарға мешітте иман жолында білім алудың, содан кейін ғана қалаған саланы таңдау керектігін жеткізді.
Кездесу барысында дінге қатысты өзекті тақырыптарға жеке-жеке тоқталып өтті.

Жергілікті жамағат Қабылбек Әліпбайұлының айтқандарын зейін қоя тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz