Бүгін аудан орталығындағы Жәнібек спорт клубында ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Грэпплинг» күресінен Жәнібек аудандық ашық турнирі ұйымдастырылды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов қатысып, барша спортшыларды мерекемен құттықтады. Ауданымызда алғаш рет өткізіліп жатқан спорт түрі қарқынды дамып, жастарымыз биіктен көрінсін деп жүрекжарды лебізін білдірді. Спортшыларға сәттілік тіледі.
Батыс Қазақстан облысының «Грэпплинг» күресінен аға жаттықтырушысы Алмас Ықсанов жас спортшыларға жеңіс тілеп, аталмыш турнирді ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
«Грэпплинг» күресінің ережелерімен таныстырып шықты. Сондай-ақ Жәнібек ауданында осы спорт түрінің дамуына өз үлесін қосып жүрген қамыстылық Радик Досановқа ризашылығын білдіріп, шағын сыйлығын табыстады.
Турнирге Атырау облысынан, Орал қаласынан, Теректі ауданынан, Қамысты, Ақоба, Жасқайрат, Жәнібек ауылдарынан спортшылар келіп бақтарын сынауда.
Бақытжан Серіков,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz