19.12.2022, 12:45
Оқылды: 75

Жарайсың, Айбатыр!

Жуырда Астана қаласында 2007-2008 жылы туған кіші жасөспірімдер, 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер мен 2002-2004 жылы туған жастар арасында «Жас барыс» республикалық чемпионаты өткен болатын. Аталмыш сайысқа Жаңақала аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Айбатыр Миразат қатысты. 

IMG-20221219-WA0010

Ол 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында 55 келі салмақта қарсыластарын таза жеңіп, Батыс Қазақстан облысынан шыққан жасөспірімдер арасында тұңғыш «Жас барыс»  республикалық чемпионатының жеңімпазы атанды.

– Айбатыр облыстық, республикалық бәсекелерде жүлде салып, жерлестерін қуанышқа бөлеп жүр. Жарыс шарттары бойынша алты белдесу болды. Алты белдесуде де айқын басымдықпен қарсыластарын тізе бүктіріп жеңіске жетті. Шәкірттің жеңісі бапкердің еңбегінің ақталғаны деп білемін. Алдағы уақытта да үлкен белестерді бағындыратынына сенімдімін. Айбатырды жарысқа дайындауда аянбай еңбек еткен Мәди Арыстанғалиев пен БҚО жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Арман Келмұхановты атап өтпеуге болмайды. Жеңісті күндеріміз, қуанышты сәттеріміз көп болсын, - дейді бапкері Айбек Ишанов.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале