Жуырда Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қатысушыларының өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жұмыссыздықты шешудің әр түрлі амалы бар. Қолынан келгені кәсіп ашады. Бүгінде Үкімет шағын және орта бизнес саласына көңіл бөліп, көптеген жеңілдіктер қарастыруда. Соңын бірі – қайтарымсыз гранттар. Шара аудан әкімдігінің және аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл аталмыш жәрмеңкеде грант алушылар өздерінің дайындап әкелген өңімдерін, қолөнерлері мен дайындаған тәтті тағамдарын шығарды. Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі жылы лебізін білдірді.
«Өткен жылыда осындай жақсы игі істер көп болып еді. Биылда жалғасын тауып көптеген жақсы істер қолға алынып жатыр. Қолдарыңыздан келген іспен айналып жатқандарыңызға алғысымыз шексіз. Сіздерге тілейтінім тек сәттілік. Алдағы уақытта тұтынушыларыңыз мол болып, өнімдеріңіз көп болсын. Одан әрі дамыта беріңіздер. Мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар берілуде. Алдағы уақыттарда қолдау азаймайтындығын еске салғымыз келеді. Осындай бағдарламаларға жиі қатысып тұрыңыздар. Мемлекеттің беріп жатқан мүмкіншілігін пайдаланыңыздар дегім келеді. Бұл енді өзіміздің аудандық өнім деп айтуға әбден болады. Мақтануға тұрарлықтай дүниелер екен. Облыстық деңгейге де шығарып өзімізді көрсете берейік. Өнімдеріміз көп болсын", - деді аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы.
Аталмыш жәрмеңкеге бірнеше өнімдер шығарылып, тұтынушыларға ұсынылды. Ең алғаш жеміс-жидектердің кептірілген түрлері ұсынылды.Өте ерекше заман талабына сай дүние. Алдағы уақытта да бұндай жәрмеңкелер дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын болады. Қолжетімді грант алып өз еңбектерінің жемісін көріп отырған жандармен де тілдесіп көрген едік.
«Фетр материалынан кітаптар жасаймын. Қазіргі ойыншықтарға қарағанда, фетрдан жасалған кітаптар баланың ой-өрісін дамытады. Сол ойыншық арқылы санап, түстерді ажырата алады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған олардың ой өрісін дамытуға арналған кітаптар. Қазіргі таңда сұраныс көп. мемлекеттің қолдауы арқылы 1 млн 200 мыңның теңге грант ұтып алдым. Негізі бұл салада мен 2019 жылдан бері айналысамын. Кішкентай қызымның ойыншықтарға алергиясы болғасын үйде әлеуметтік желіден қарап отырып жасап бастадым. Содан бері айналысамын. Сонымен қатар қаздың мамығынан жасалған көрпелр мен көпшіктер жасаймын», - деді жеке кәсіпкер Марал Искакова. Тағы бір жеке кәсіпкер сүт өнімдерін дамытуды қолға алып отыр.
«Мен осы ірі қара малды сауып, одан сүт өнімдерін алып отырмын. Сүт өнімдерін алып, тұтынушыларға ұсынамын. Олар ірімшік, май, құрт, айран, сүт және қаймақ. Денсаулығыңызға оң әсерін беретін сүт өнімдері қазіргі таңда ең керек өңім деп санаймын. Жәрмеңкеге бірінші рет шығып отырмын. Ағымдағы жылы кәсіпкерлік курсын оқып алып, осыдан үш ай бұрын қайтарымсыз грантты алдым. Аталмыш жәрмеңкеге бірінші рет шығарып отырмын. Аталған грант арқылы үш ірі қара мал алдық. Содан сүт өнімдерін жасап отырмын. Бұйырса алдағы уақытта дамытамыз деген ойдамын», - деді Айгерім Жұмағалиева.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz