17.01.2023, 18:00
Оқылды: 14

Түсінік жұмыстары жүргізілді

Жуырда «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына кіретін Казталов, Жәнібек, Бөкей Орда, Жаңақала аудандарында резерват жұмысына және киіктерге қатысты түсінік жұмыстары жүргізіліп, жиындар ұйымдастырылды.

1

Казталов ауданының Нұрсай, Жәнібек ауданының Талов, Борсы, Жақсыбай, Бөкей Ордасының Бисен, Мұратсай, Бөрлі, Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдарында өткен жиындарға Батыс Қазақстан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов, Батыс Қазақстан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Қайрат Қадешов, «Охотзоопром» Батыс өңірлірлік филиалының директоры Арман Қожахметов, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ұлан Мамырбаев, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты бақылау басқармасының басшысы Батырхан Байғонақов қатысып, аталмыш ауыл тұрғындары мен шаруа қожалық жетекшілерімен кездесті.

3

Жиындар барысында былтырдан бастап төрт ауданның территориясында құрылған «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының жұмысы туралы кеңінен баяндалды. Сонымен бірге кездесуге келген ауыл тұрғындары мен шаруа қожалық жетекшілерін киіктер шоғырланған аймақта орналасқан шабындықтар мен егістіктерді сақтау үшін бірлесе күш жұмылдыру керектігі айтылды. Әсіресе, көктемдегі ақбөкендердің төлдеу науқаны кезінде табиғи миграция басталады.

2

Сол уақытта түсінік танытып, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты және «Охотзоопром» Батыс өңірлірлік мекемесінің инспекторларымен бірлесе шабындықтар мен егістіктерге киікті түсірмей, айдау және қорғау жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігі талқыланды. Жиынға қатысушылар ауыл тұрғындарының басқа да сұрақтарына жауап берді.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале