2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 914 кәсіпорнында 21,7 мың жұмыскерге 5,3 млрд теңгеден астам жалақыға қатысты берешекті анықтады, деп жазады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтында.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 881 нұсқама беріліп, 144,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд. теңге төленді.
zhaikpress.kz