15.02.2023, 14:30
Оқылды: 16

Асхат Орлов халықаралық шахмат федерациясының президентімен кездесіп, Астанада өтетін әлем чемпионатын ұйымдастыру мәселелерін талқылады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) Президенті Аркадий Дворкович бастаған ресми делегациямен кездесті. Кездесу барысында көктемде Астанада өтетін шахматтан әлем чемпионатын ұйымдастыру және басқа да бірнеше маңызды тақырып талқыланды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. 

2bb1879bd9522b246b45a18666ec2cf9_1280x720

Фото: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 

Сондай-ақ, Қазақстанда FIDE қамқорлығымен өзге де іс-шараларды өткізу мәселесі қаралды. Мысалы, әлемнің үздік жасөспірімдерінің қатысуымен өтетін турнир және қазақстандық жас шахматшыларды тарта отырып өткізілетін іс-шаралар. Министр бұл іс -шаралар еліміздің кішкентай чемпиондары үшін құнды тәжірибе болатындығын атап өтті.

«FIDE таңдауы біздің елге кездейсоқ түспегенін атап өткім келеді. Еліміз бүгінгі таңда тура мағынада нағыз шахмат бумын бастан кешіп жатыр. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі шахмат қозғалысының дамуын жеке бақылауда ұстауда. 2022 жылы еліміз бойынша 253 мыңнан астам адам 7618 секцияда шахматпен жүйелі түрде айналысты. Жаңа оқу жылының басынан 28 мыңға жуық баланы қамтыған 654 мектепте «Шахмат» пәні факультатив ретінде енгізілді.

Қазақстандық жас шахматшылар да әлемнің үздіктері қатарында - Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және басқа да спортшылар тарихқа өз есімдерін жазып үлгерді.

Күзде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев FIDE басшысымен кездесіп, еліміздің халықаралық шахмат Федерациясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Біз осы бағытта жұмысты жалғастырамыз», - деді Асхат Оралов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале