27.02.2023, 16:45
Оқылды: 54

Қазақстандық мергендер Кувейтте өткен халықаралық турнирлерде 13 медаль жеңіп алды

21 ақпанда Кувейтте екі ірі стендтік ату жарысы – Азия Кубогы және «Кувейт Гран-приі» басталған болатын, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 350-ден астам спортшы келді. Қазақстан атынан 28 мерген бақ сынап жатыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

DB10F876-5B7D-4809-98FB-95226BFF2FCA

Отандастарымыз екі турнирде де ерекшеленіп, барлығы 13 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 4 күміс және 3 қола. Ол медальдардың барлығы «скиттен» – дөңгелек стендтен ату арқылы жеңіп алынды.

Азия Кубогының «алтынын»: Ольга Панарина мен Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина бастаған әйелдер құрамасы, Данил Стрельцов пен Адель Садақбаева бастаған жасөспірімдер құрамасы, сондай-ақ микс-команда –Әсем Орынбай және Эдуард Ещенко иеленді.

«Күміс» медальді Эдуард Ещенко, Юнус Мачжон және Артем Седельников бастаған ерлер құрамасы, жасөспірімдер құрамасынан Илья Пеньков пен Амалия Кудрявцева, сондай-ақ Зоя Кравченко мен Юнус Мачжон бастаған аралас команда алды.

2F1AA1F5-3C9C-42FA-941E-B7FD75792538

Қола жүлдегерлердің үштігінде Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко және жасөспірімдер тобынан Эвелина Шек бар.

Ал, ең беделді «Кувейт Гран-приі» алтын жүлдесін Қазақстан қоржынына Зоя Кравченко салды. Айтулы жарыста оған тең келер спортшы болмады.

«Стендтік және оқ ату Қазақстанда қарқынды дамып келеді, бұған біздің құраманың ірі халықаралық турнирлердегі соңғы нәтижелері дәлел бола алады. Медальдарды тек біздің ересектер командасы ғана емес, жасөспірімдер де жеңіп алғаны ерекше қуантады. Бұл тағы да отандық мергендер мектебінің күші мен қазақстандық жаттықтырушылардың жоғары біліктілігін көрсетеді»,-деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

Айта кетейік, Азия Кубогы мен «Кувейт Гран-приі» 2 наурызда аяқталады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале