Наурыз айының алғашқы күні Жымпитының орталық алаңында Сырым ауданының бас киіз үйі тігілді. Түркі халықтарының жаңа жылы – Наурыз мерекесінің елең-алаңында шаңырақ көтеріп, той дабылын қағу – Сырым елінде қалыптасқан дәстүр.
Бас киіз үйдің жанында Алғыс айту күніне орай «Алғыс – ең асыл сөз!» атты мерекелік концерт өтті.
Ақ орданың жанындағы той дүбірі Наурыз бойына жалғасады.
3 наурыз күні Сырым ауданында Алашорда үкіметінің 105 жылдығы мен Алаш қайраткері, педагог, дәрігер Халел Досмұхамедовтың 140 жылдығына орай «ДАЛАГЕР/DALAGER» аймақтық этнофестивалі өтеді. Ақжайық өңірі мен Атырау аймағының ең дүлдүл әншісі, ең белді балуаны және ең жүйрік ақыны Жымпитыға жиналмақ.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы