6.04.2023, 12:15
Оқылды: 70

БҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен 20 адам іздестіріліп жатыр

Қазір интернетті ашып қалсақ болды хабар-ошарсыз кеткендерді іздейміз деген хабарландырудан көз сүрінеді. Алайда полиция өкілдері интернеттегі ақпараттың бәріне сене беруге болмайды дейді. Иә, адамдар жоғалып кетіп тұрады. Арасында табылғандары да бар.

??????????

??????????

«Мәселен, осы жыл басталғалы 33 адам хабар-ошарсыз кеткен. Олардың ішінде 28 адам табылып, отбасыларына қайтарылды. Тек бес адам әлі іздеуде», - дейді Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Бисенов.

Өкінішке орай полиция жоғалған адамды таба алмайтын кездер де болды. Бүгінгі таңда облыс бойынша іс-түссіз кеткен 20 адамды полиция іздестіріп жатыр.

Олар 2013 жылы екі адам, 2014 жылы бір адам , 2016 жылы екі адам, 2017 жылы екі адам, 2018 жылы бір адам, 2019 жылы бір адам, 2020 жылы екі адам, 2021 жылы үш адам, 2022 жылы бір адам, 2023 жылы жоғалған бес адамды іздеп жатыр.

Полиция өкілдері бір берілген хабарландыру әлеуметтік желіні айналып ұзақ жүретіндігін, яғни табылған адамға қатысты хабарландыру ол табылса да айналымда жүретінін айтты.  Ал табылмайтын сәттер өте сирек болады екен.

Айта кетейік, жоғарыдағы іздеудегі 20 адам да ер адамдар.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале