17.04.2023, 9:30
Оқылды: 54

Казталов ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Казталов ауданының әкімі лауазымына Асланбек Ахметоллаұлы Сарқұлов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
341560485_244686811294193_7892219008245861780_n
Асланбек Ахметоллаұлы Сарқұлов 1984 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері», Қазақстанның инновациалық және телекомуникациалық жүйелер университетін «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі болып бастаған.
Әр жылдары «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының идеологиялық және қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып еңбек етті.
Сондай-ақ Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Сырым ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2022 жылғы тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале