Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Рабатта (Марокко) WTA-250 турнирінің екінші айналымында француз теннисшісі Леолия Жанжанды жеңді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
Фото: olympic.kz
Матч 6:2, 6:1 есебімен аяқталды.
Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды. Путинцева алтыдан бес брейк-пойнтты жүзеге асырды және бір қос қателік жіберді.
Ширек финалда Юлия Хулия Риерамен (Аргентина) кездеседі.