22.06.2023, 17:15
Оқылды: 43

Инфрақұрылымды дамыту және шалғай жерлерде қоғамдық экодәретханалар орнату: Қазақстан туризм жөніндегі ОАӨЭЫ жұмыс тобының кеңесіне қатысты

Грузия астанасы Тбилисиде Азия Даму Банкінің Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) бағдарламасы аясында туризм жөніндегі жұмыс тобының кеңесі өтті. Отырысқа ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков қатысты. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

2ae72306-582b-4f27-b7d4-1c8537d8dcf0

Кеңесте Азия Даму Банкінің халықаралық сарапшылары ОАӨЭЫ аясындағы бірлескен жобалардың нәтижелерін жариялады. Делегаттар ОАӨЭЫ бағдарламалары мен қызметін одан әрі дамытуды, сондай-ақ бірқатар өзекті тақырыптарды талқылады.

Атап айтқанда, өңірде тұрақты туризмді дамыту, туризм саласындағы басым жобалар, туристік порталды іске қосу және климаттың өзгеруінің ОАӨЭЫ туристік секторына әсері.

«Мұндай кездесулердің маңызы зор. Себебі, ОАӨЭЫ-ға қатысушы басқа елдермен құнды тәжірибе алмасуға, олармен кооперация құруға мүмкіндік береді. Азия Даму Банкінің бағдарламаға көрсеткен қолдауын ерекше атап өткім келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан туристік инфрақұрылымды жақсартуға, қатты қалдықтарды қайта өңдеуге және шалғай туристік орындарда қоғамдық экодәретханаларды орнатуға байланысты жобаларға белсенді қатысуға дайын», - деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале