12.07.2023, 9:15
Оқылды: 41

Зорлап, өлтіріп, кейін өртеп жібермек болған: Жантүршігерлік қылмыс болды

Жетісу облысында жантүршігерлік қылмыс болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі almaty.tv-ге сілтеме жасап. 

handcuffs-921290_640

Фото: pixabay.com

Полицейлердің мәліметінше, ер адам 42 жастағы Жаркент тұрғынын зорлап, кейін оны өлтірген. Ал қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеп жібермек болған. Күдікті қамауға алынған. Бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Заң бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, нәтижесінде күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

 

М. Лұқпан,
massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале