Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының “Салық төлеушілермен жұмыс” бөлімінің бас маманы Жаннат Зимұқанованы қабылдап, ұжымы алдында елеулі еңбегін атап, 34 жылдай атқарған мемқызметтен зейнеткерлікке шығуымен құттықтап, құрмет көрсетті.
Одан бөлек, Жаннат Орынбайқызының әріптестері ақжарма тілектерін білдірді. Аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Арман Ғұмаров өзіне қызмет жолында үлгі аларлық ұстаз бола білген Ж.Зимұқановаға ұжым атынан жемісті еңбегіне алғыс білдіріп, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Б.Айнабековтың алғыс хатын табыс етті.
- Елде қабылданған заң нормаларын мүлтіксіз орындау, елдің мүддесін қорғауда атқарған еңбегіңіз орасан әрі ауқымды. Осы уақытқа дейін Сіз көптеген шәкірттерге жол көрсетіп, жас мамандардан кәсіби мамандар тәрбиелеу ісіне де зор үлес қостыңыз. Ол үшін барлық әріптестер атынан ризашылығымды білдіремін, мәртебеңіз биіктеп алдағы уақытта да елдің алғысы мен ықыласына бөлене беруді нәсіп етсін,- делінген алғыс хатта.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz