19.07.2023, 16:45
Оқылды: 50

Мәдениет министрлігі: Он пилоттық анимациялық жоба басталды

Ахмет Яссауидің балалық шағы, Қожанасырдың тапқырлығы мен мифтік жаратылыстар туралы мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түркітілдес елдерге ортақ ежелгі аңыздар негізінде 10 пилоттық анимациялық жобаның өндірісі басталды. Бұл туралы  ҚР-ның мәдениет және спорт министрлігінің telegram каналында хабарланды.

6fb96e15-9606-4de0-821c-b4211f0840a8

Ахмет Яссауидің балалық шағы, қожанасырдың тапқырлығы мен мифтік жаратылыстар: мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түркітілдес елдерге ортақ ежелгі аңыздар негізінде 10 пилоттық анимациялық жобаның өндірісі басталды

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі отандық 10 анимациялық студиямен бірге түркітілдес елдерге ортақ ежелгі аңыздарға негізделген пилоттық анимациялық жобаның өндірісін бастады. Анимациялық альманахқа кіретін әр туындының хронометражы 5 минуттан асады.

Өндіріске жіберілген 10 жоба арнайы ұйымдастырылған байқау нәтижесінде іріктеліп алынды. Конкурсқа түркітілдес елдердің ұлы тұлғалары, қасиетті жануарлары мен жер-су атаулары, түркітілдес елдердің ортақ мерекелері мен ұлттық ойын-сауықтары туралы аңыздар негізінде жазылған 26 студиядан 40 сценарий қабылданды.

Ашық қорғау қорытындысы бойынша «Үш Арыс», «Шырақ батыр мен бүркіт жайлы аңыз», «Лэйла. Түркі Патшайымының құпиясы», «Ашина – бірінші көктүрік», «Тұран», «Алтын көл», «Ахмет», «Қожанасыр және ұры», «Суындар» және «Жұмақ дегеніміз...» атты 10 анимациялық жоба қолдауға ие болды.

«Өндіріске жіберілген пилоттық анимациялық жобалар жанр жағынан да, тақырып бойынша да бір-біріне ұқсамайды. Әрқайсысы өзіндік ерекшелігімен дараланады. Бұл жоба түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, қазақстандық студияларға жаңа нарықтарға шығып, көрермендер аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл болашақта бауырлас елдермен бірлескен анимациялық жобалар жасаудың алғашқы қадамы», - деді ҚР МСМ Мәдениет комитеті төрағасының міндетін атқарушы Күміс Сейітова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале