Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің telegram каналында хабарланды.
Көрнекі фото Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен
- Бүгінгі таңда республика бойынша 43 мыңнан астам спорттық ғимарат болса, оның 23 мыңнан астамы – ауылдық жерде орналасқан. Биыл 113 жаңа спорттық нысан салу, 20 спорттық нысанды реконструкциялау және жұмыс істеп тұрған спорт объектілерін жете жарақтандыру жөніндегі 6 жоба бойынша жұмыс жалғасады. Сондай-ақ, Министрлік қажеттілікті анықтау үшін облыстардағы спорт объектілеріне инвентаризация жүргізіп жатыр, - дейді Асхат Оралов ҚР Мәдениет және спорт министрі.