Бүгіннен бастап Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайынан Ақтауға рейстер ұшады.
Рейс аптасына екі рет, ал қыркүйектен бастап аптасына үш рет жүзеге асырылады.
Ақтауға жолаушыларды Fly Arystan әуекомпаниясының 180 орындық Airbus A320 әуе кемелері апарады. Рейстер қазан айына дейін жоспарланған.
- Біз әуекомпаниялармен және авиациялық билік органдарымен бірлесіп әуежайымыздан маршруттық желіні кеңейту үшін үнемі жұмыс істейміз. Біз үшін басты мақсаттың бірі - ел ішіндегі барлық сұранысқа ие бағыт бойынша тікелей рейстің санын арттыру. Солардың бірі - Ақтау қаласына қатынайтын рейс, - деп атап өтті әуежайдың бас директоры Рустам Биктимиров.
Айта кету керек, бірінші рейске билеттер толығымен сатылып кеткен.
Айнагүл Сакпусунова,
Орал халықаралық әуежайы
баспасөз қызметінің басшысы