1.08.2016, 11:04
Оқылды: 46

Оралда жас лейтенанттар басқосты

Оралда «Батыс» өңірлікқолбасшылығының     «Батыс» өңірлік қолбасшылығында жаңадан келген лейтенанттар үш күндік жиында басқосты.


Биыл Қазақстанның батыс өңірлеріндегі әскери бөлімдерге ҚР Ұлттық ұланы әскери институтын бітірген  28 түлек келді.

Жиының басты мақсаты – жас сардарлардың әскери-жауынгерлік қызмет барысында қызметке бейімделу және төселу қарқынымен танысу,  тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды сапалы жүргізуде офицерлерді қажетті біліммен қаруландыру.Оралда «Батыс» өңірлікқолбасшылығының3

Қалыптасқан тәртіп бойынша жиынның алғашқы күні саптық   тексерістен  басталды. Кейін  әскери  бөлімнің  мәжіліс   залында  «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Қолбасшысы полковник Кайрат Актанов,  қолбасшының бағыттар бойынша орынбасарлары полковниктер Исатай Жәрдемов, Берік Омаров, Асхан Ибишов, қатысып, өңірлік қолбасшылықтың қызметтік-жауынгерлік жұмысымен, әскери бөлімдердегі және орналасқан аймақтардағы ахуалмен таныстырды.Оралда «Батыс» өңірлікқолбасшылығының1

Лейтенанттар үш күн бойы басшылық құжаттармен танысып, негізгі оқу пәндері бойынша сынақтар тапсырды. Нысана көздеу, дене, тактикалық, арнайы, техникалық және саптық дайындықтан шеберліктерін көрсетті.

Ал күн тәрібі кестесіне сай, кешкі мезгіл алдында спорттық-мәдени шаралар ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылар қонақжай шаһардың көрікті жерлерін аралап, Ақжайық өңірінің сұлулығына тамсанып, тыныс-тіршілігімен көңіл көкжиектерін кенейтті.  Сондай-ақ қаланың бүкіл театр, мұражайларын тамашалады.Оралда «Батыс» өңірлікқолбасшылығының2

Жиын соңында «Батыс» өңірлік қолбасшысының әскери институт түлектерін взвод командирі мен рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындау туралы бұйрығы таныстырылды. Енді жас сардарлар Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал қалаларындағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде өз қызметтерін жалғастыратын болады.
Оралда «Батыс» өңірлікқолбасшылығының4

Ерболат Сұлтанов
www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале